«Қытайдан қорқамын!»
"Қытайдан қорқамын"-деп көз жасы көл болған қызды неге жұбата алмаймыз?! Кішкентай ойын баласы болсада өз қорқынышын жасыра алмаған қызды айтсаңшы. КСРО уақытында дүниеге келген анасына: "Сен қорлық көрмей өстің менің Қытай болғым келмейді"-деп еңіреп отыр, бар-жоғы 9- сынып оқушысы. Есімде жоқ бірақ оқығаным бар еді "Қазақ еліне қызыл құрт түседі"- деген сөзді. Бірақ мен де сол кезде қызыл құртты қытайлықтарға теңегенім бар еді.
Анасы бәлкім барлық аналар сияқты:"Қызым қытайдың заттардын жей бермей, мектепте ыстық тамақ алып іш"- дейтіні бар шығар. Содан білсе керек кішкентай қыз еліміздегі барлық тауарлардың Қытай елінен келетіндігін. Осындай қарқында жүре берсек, бір күні өзімізді де басып алады деп айтқысы келсе керек. Қорыққанынан Бөгенбай, Қабанбай сияқты алып батырларымыз көз алдына елестеген шығар. Бірақ, қазіргі уақытта бірден қолына найза мен қылыш алып шығатын батыр емес, дипломатиялық жолмен дұрыс шешім шығаратын батыр керек. Сондай батырлардың бірі табылып, қаршадай қыздың қорқынышын жеңіп, үрейін Қытайлықтырдан алыстата түссе деймін.
