Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қыран қазақ қилы замандарды қанатының әр қияғымен сезініп, қайсарлықпен төтеп бере білді.

Қыран қазақ қилы замандарды қанатының әр қияғымен сезініп, қайсарлықпен төтеп бере білді. Тәуелсіздігімізді тәу етіп, 30 жылдық егемен тарихымыздың жылнамасын жазып жатырмыз. Тәубә, талай тұғырлы биіктерден көріндік, көзіміз жетпеген біршама белестерге енді бұрылып та қарамайтын дәрежедеміз. Бұл ретте елдің көшін бастаған Елбасының еңбегін атап өтпесе болмас. Тарихтың жаңа беттерін парақтаған сәтте бұқараның бағытын түзей білген Тұңғыш Президентіміздің кемел шешімдері, келелі істері ғасырлық мұра болып қала бермек. Бүгінгіге ойысып, халық қамы үшін қарымды қадамдар істеп жүрген «Nur Otan» партиясының қызметін де естен шығармаған абзал. Күні бүгін өткен съезде атқарылған жұмыстар пысықталып, алдағы жоспарлар легі таразы басына түскенде талай мәліметтерге де қанықтық. Шыны керек, партия тарапынан уәде етілген жаңғыру жұмыстары ретімен жүзеге асуда. Кезекті сайлауға да жіті дайындықпен, нықты бағдарламалар дайындап қатысуда. Алдағы парламентті сайлау биліктің өкілді органдарының рөлін арттыруда шешуші қадам болады. «Қуатты президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының іс жүзінде іске асырылуына жаңа серпін береді

0
0
236

Осы тақырып бойынша

Қыран қазақ қилы замандарды қанатының әр қияғымен сезініп, қайсарлықпен төтеп бере білді. - Yvision.kz