«Youth leader Almaty» жас көшбасшылар штабы жобасының марапаттау кеші
2020 жылдың 27 қараша айында «Қазақстан Жастар Фракциясы» ҚҚ мен Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе, «Рухани Жаңғыру » жобасының аясында, «Youth leader Almaty» жас көшбасшылар штабы жобасының марапаттау кеші ұйымдастырылды. Жоба 10 номинация бойынша, Алматы қаласының 18 жас пен 35 жас аралығындағы жастар арасында өткізілді.
1) Үздік студент – Жолдас Фариза Азаматқызы Қазақ Ұлттық университеті,Журналистика мамандығы 2 курс студенті;
2) Жас көшбасшы – Қарақожаева Айнұржан Бейбітжанқызы Қазақ Ұлттық университеті,Журналистика мамандығы 2 курс студенті;
3) Үздік жас мұғалім – Айтбаев Сұлтан Бақытұлы, №27 гимназия мектебінің физика пәні мұғалімі;
4) Үздік жас журналист – Палмағанбет Рамазан Ғалымжанұлы, Алматы телеканалы, «Шешімі бар»бағдарламасының журналисті;
5) Үздік жас дәрігер – Тарғын Айжан Қуанышқызы, ЖШС «Smart health university city» диагностикалық орталық мейірбекесі;
6) Үздік шығармашыл жастар – Айып Айдар Бекболатұлы, Абай атындағы ҚазҰПУ, қазақ тілі мен әдебиет мамандығы 2 курс студенті. Қазақстан эстрада әншілерінің өлеңдерінің авторы;
7) Үздік жас спортшы - Алимбаева Айя Үстел теннисінен Халықаралық спорт шебері. 2017 жылы Алтын-Тамга нәтижесі бойынша жылдың үздік «Жылдың спортшысы» номинация иегері.
8) Үздік жас дебат ойыншысы – Мантай Асхат Мұратұлы, Тұран университеті Журналистика мамандығы 3 курс студенті, «Сириус» дебат клубының жетекшісі;
9) Үздік жас ғалым – Кузембаева Гаухар Канашевна, Алматы технологиялық университеті, «Тағам өнімдерінің технологиясы» кафедрасының сениор-лекторы,техника ғылымдарының кандидаты;
10) Үздік жас кәсіпкер – Ерімхан Ердәулет Артықбайұлы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, стоматология мамандығы 5 курс студенті. ЖК «Құрт» қазақша өнімдер жетекшесі.
Марапаттау кешінде жоба нәтижесі бойынша 10(он) номинация иегерлеріне мадақтамалар беріліп бағалы сыйлықтармен марапатталып және спикерлерге алғыс хаттар берілді.
Іс-шараның салтанатты бөлімінде «Қазақстан Жастар Фракциясы» Қоғамдық Қорынан Даулетова Жания құттықтау сөз сөледі.
Коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын қарастырып, бетперде режимі қатаң түрде сақталды.
#youthleaderalmaty #youthleaderalmaty2020
