Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ынтымақты отбасы – есірткіден алыс» акциясы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналады

2019 жылдың 26 маусымында еліміздегі барлық қалаларда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай республикалық іс-шаралар өткізілуде.

Бұл іс-шаралар қазақстандық қоғамның назарын есірткі проблемасына аудару, сол арқылы осы індетке бейім топтар – жасөспірімдер мен жастардың прблемасын кешенді түрде шешу, саламатты өмір салтын қалыптастыру, сондай-ақ есірткіге тәуелділерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсету сияқты нақты мақсаттарды көздейді.

Есірткіге қарсы іс-шаралар әртүрлі топтағы тұрғындарға бағытталған. Дегенмен, негізгі мақсатты аудиториясы – жасөспірімдер мен жастар. Жекелеген акциялар лагерлерде, мүмкіндігі шектеулі балалардың демалыс үйлерінде және жетім балалар үйінде өткізілді.

Негізгі республикалық іс-шара Нұр-Сұлтан қаласында «Ынтымақты отбасы – есірткіден алыс!» деген девизбен ұйымдастырылды.

Қорытынды іс-шаралар «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығында СПИД орталығы, саламатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының, дәрігер-наркологтардың қатысуымен өткізілді.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, балалардың санасында психобелсенді заттарды тұтынудың зияны жөнінде нақты түсінік қалыптастыру үшін өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлін арттырып, ата-аналар мен балалар арасында сенімді қарым-қатынас орнату қажет. Сондықтан акциялардың негізгі сипаты отбасымен бірге демалу, шеберлік кластарын өткізу және балалар мен жасөспірімдердің творчестволық қойылымдарын шығару сияқты шараларға бағытталды. Барлық іс-шаралар кезінде нашақорлық проблемалары және жасөспірімнің жеке тұлғасын қалыптастырудағы отбасының рөлі туралы бейнероликтер көрсетілді.

«Ынтымақты отбасы – есірткіден алыс» акциясына қазақстандық эстрада және спорт жұлдыздары, вокальды және би ұжымдары қатысты (Бокстан әлем чемпионы Ләззат Күнгейбаева, Workout center бойынша Қазақстан Республикасының бас бапкері Айтым Жақыпов, «Килиманджаро» тобы, «Зумба» би студиясының шеберлік класы, Кекушинкай каратэ, Джиу-джитсу ассоциациясы спортшыларының көрсетілімдері).

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

1
0
758

Осы тақырып бойынша

«Ынтымақты отбасы – есірткіден алыс» акциясы Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналады - Yvision.kz