Ынталы ауылының тұрғыны Тастанбеков Қадірәлі ақсақалдың шаңырағында болып канвассинг кездесу өтті
К.Абасов алдағы бес жылдықта республика, облыс көлемінде атқарылар жұмыстарды сараласа, Ә.Бердімұрат ауданда іске асырылатын бастамаларды баса айтты. Сөйтіп, ауыл қариясын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партияға дауыс беруге үндеді. Үгіт насихат үнқағаздарын таратты. Ақсақалдың ақ батасын арқалап қайтты.
