Қымызмұрындық
Қазақ халқы биенің сүтін бұрынғы заманнан бері пайдаланып келген. Жылқының сүтін пайдалану біздің ата-бабамыз, ғұн, түркілер дәуірінен бері қарай жалғасып келеді. Биеден сауып алған сүтті саумал деп атайды. Кейін саумалды ашытып, одан қымыз жасайды. Қымызды қазақтар әр түрлі ауруға ем деп көреді. Бие сүті саумал халінде шипалық қасиеті мол деп есептелінеді. Қымызды ғұн мен түркі дәуірлерінде қатты қастерлеген. Ғұн дәуірінде жылқының сүтіне ғана емес, оның өзіне де табынған. Тайпаның басшылары, қағандары, әміршілері қайтыс болған кезде, олардың денесін биенің сүтімен, яғни қымызбен жуған жайлы да мәліметтер кездеседі. Қазақтарда қымызды қасиетті сусын деп есептейді. Сол себептен қазақта https://toibiznes.kz/kk/articles/tradition/kymyzmurindik
