Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғылым мен білімнің ордасы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi - Қазақстандағы бiлiм мен ғылымның iрi орталығы, жоғары кәсiби мамандар даярлайтын инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Ал құқықтану – бүгiнгi таңда классикалық университеттiк бiлiм беру құрылымының ажырамас бөлiгi. 1955 жылы Алматы заң институтының негiзiнде Қазақстанда ең алғашқы заңгерлер дайындайтын мемлекеттiк жоғары оқу ордасында заң факультетi құрылды. Ол қазiргi заманға сай әдiстердi қолданып, жоғарғы деңгейдегi заң мамандарын даярлады. Заң факультетi өзiнiң 63 жылдық тарихында 35 мыңға жуық құқық саласындағы маманды, яғни сот, прокуратура, iшкi iстер органдары мен мемлекеттiк қауiпсiздiктiң жоғары бiлiктi жауапты қызметкерлерiн, нотариустарды, адвокаттарды, заңгерлердi дайындап шығарды. Қазiргi таңда заң факультетiнде 4 кафедра жұмыс iстейдi:

1) Мемлекет және құқық теориясы және тарихы, конституциялық және әкiмшiлiк құқығы

кафедрасы

2) Азаматтық құқық және азаматтық iс жүргiзу, еңбек құқығы кафедрасы

3) Қылмыстық құқық, қылмыстық iс жүргiзу және криминалистика кафедрасы

4) Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасы

Әр түрлi кезеңдерде заң факультетiнiң декандары болып Зиманов С.З., Ваксберг М.А., Сартаев С.С., Абжанов К.А., Ургеншбаев К.С., Басин Ю.Г., Ударцев С.Ф., Сарсенбаев М.А., Жиренчин К.А., Каиржанов Е.И., Бектұрганов А.Е. жұмыс жасады. Факультетте ҚР ҰҒА академигi, з.ғ.д., профессор С.С. Сартаев; з.ғ.д., профессор Д.Л. Байдельдинов, з.ғ.д., профессор А.Н. Ағыбаев, отызға жуық доктор мен профессорлар, 80-тен астам ғылым кандидаты мен доценттер, 12 PhD докторы, оқытушылар жұмыс жасайды. Сонымен қатар ҚР Парламентiнен, ҚР Конституциялық Кеңесiнен, ҚР Жоғарғы Сотынан, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнен, ҚР Бас Прокуратурасынан, ҚР Үкiметiнен және құқық қорғау органдарынан жоғары кәсiби тәжiрибелi мамандар ашық дәрiс сабақтарын өткiзiп тұрады. Жыл сайын факультеттiң 15-ке жуық ғалымы мен оқытушылары шетелдердiң жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарында ғылыми-тағылымдамадан өтедi. Соңғы 5 жылда профессорлар мен оқытушылардың 1000-нан астам ғылыми және оқу-әдiстемелiк еңбектерi жарық көрдi. Атап айтатын болсақ 80-ге жуық монография, 200-ге тарта оқулық пен оқу құралдары, 300-ден аса жинақ, сөздiктер, жүзден астам оқу құралдары мен ғылыми мақалалары бар.

Заң факультетiнiң ұжымы нарықтық экономика жағдайында демократиялық құқықтық мемлекеттi қалыптастыруға қабiлеттi, жоғары бiлiктi кадрларды дайындау бойынша жалпыға танылған көшбасшы.

Аға оқытушы азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқық кафедрасы Худайбердина Г.А.

0
0
587

Осы тақырып бойынша