Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ғылым қалай бағалану керек?

Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ғылыми жобалар жазуы модаға айналды. Жоғарғы сыныптар мен бастауыш сыныптардың оқушылары да жоба жазып сайыстарға түсіп жатыр. Не керек қалалық ғылыми жобалар сайысы болайын деп жатыр. Әділ қазылар арасындамын. Комиссия төрайымы әлі келмеген білім бөлімі қызметкері оның қағаздарын маған ұсынды. Ұйымдастыру алқасының жұмысы аяқталып әркім өз секциялараының кабинеттеріне бағыт алған. Басқа мектептегі әріптесім маған жақындап  тізімдегі бір баланы көрсетіп бұл менің сіңілімнің баласы мен жазып берем байқай сал деді. Алдында кабинетте отырғанда Ғылыми жобалар сайысына қатысушылар тізімінің ішінде  екі бала қаламен белгіленіп тұр екен. Бастапқыда түсінбедім. Сосын Білім бөлімінің (ГорОО) әдіскері келді. Бағанағы әріптесім көрсеткен оқушыны бағыттап мынау қалалық әкімшіліктің тапсырысы деп. Ее жағдай түсінікті әдіскерге онда неге шақырдыңыздар оданда өздерің орындарды бөліп бере салмайсыздарма дедім қалай болады солай бағалаймыз ары қарай өздеріңіз білесіздер дедім. Алдыңғы жылы тағы осындай сайыстарда орын алмаған мектеп оқушысы кейін тізімде 3-орын алыпты деп жазылыпты. Соны көріп қаным қайнаған еді. Бүгінгі жағдайды көріп мынадай ғылыми жобалар сайысының түкке керек емес екенін көзім жетті. Қайда қалды президеттің айтып жатқан инновациясы. Ондай жақсы инновациялық жобалар осындай жанданпайлардың көлеікесінде қалып қап жатқанына күмән жоқ! Ұстаздар  қауымы осылай бесіктен белі шықпаған балаларды мектеп табалдырығынан неше түрлі қылмысқа тәрбиелеудемізба?

0
0
767

Осы тақырып бойынша

Ғылым қалай бағалану керек? - Yvision.kz