Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің ұжымымен кездесу өтті
2020 жылдың 13 наурыз күні Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «РУ 170/2 мекемесінің» ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша кездесу өткізілді.
Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Б.М.Хайруллин және «Nur Otan» партиясының БҚОФ инспекторы А.Б.Сағатов қызметкерлері қатысты.
Б.М.Хайруллин бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.
