Үйлену — оңай. Үй болу — қиын.
Кеше қонаққа інім келіп, біраз бізді қуантып кетті. Інім жақында отау көтерген еді,сол отағасы болу қалай екенін сұрадық. Жауабы: " Бұрын ештенені ойламайтын едім, өз басымды ғана ойлайтынмын. Қазір бәрі басқаша. Бос қыдыру, жүруді қойдым. Өзімді және жарымды қамтасамасыз ету үшін тірлік жасап жүрмін " - деп, ата-анамды біраз қуантты. Сосын інім:
-"Ағасы, сіз қашан үйленесіз?!"
-"Жаспын ғой, әлі ерте" - деп құтылып кеттім.
Бүгін кешке анамның Instagram желісінен оқыған өлең жолдарын жазайын.
Тыңда!
Тыңда, ғашықтарым,
Жар таңдауға - асықпағын!
Қателесіп қалып, ертең...
..Көздеріңнен,
Жас сықпағын!
Сөзін емес - ісін қара,
Сыртын емес - ішін қара!
..Рухани бай - саф алтынд-а-ай,
Біл қарындас,
Түсін, бала!
Жан іздеме,
Көңілдікке,
Жар іздегін,
Өмірлікке,
Құмарлыққа - бойды берме!
Қажетті жоқ, оның тіптен... Ажырассаң қайғы, күнә,
Қызықпа сен, байлығына.
.. Иманда да, мейірімді,
Ең керемет, жайлы, сірә... Жүрегіңде - паналайтын,
Сүйіп сені, бағалайтын,
Жарды ізде, сенен басқа,
Жанға -
Мүл-дем!!!
Қарамайтын. *** Жалған сезім - жарық қылмас,
Пәк махаббат - жалықтырмас. (..Шын ғашықтар бірін-бірі,
Жұмақта да, тауыпты - рас!
Авторы - Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Балам, үйленемін деп асықпа. Болашақ жарыңды жақсылап таңда деп ақыл-кенесің айтты. Ата-аналарымыз аман болсын!!
