Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үйі бардың – күйі бар

Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып, аз уақыттың ішінде көп нәтижеге қол жеткізген мемлекеттік бағдарламалардың бірі – тұрғын үй саласы. Қазақстан Республикасында толыққанды және теңдестірілген тұрғын үй нарығын құру, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту, құрылыс нысандары салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және құрылыс индустрия­сын дамытуға бағытталған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы толыққанды жүзеге асырылуда.

Аталмыш бағдарлама Павлодарда қалай жүзеге асырылуда? Осыған тоқталайық. Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша 2014 жылға – 3888,182 млн. тенге қаржы қарастырылған,  оның ішінде:

тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі бағыты бойынша халықтың барлық санаттары үшін – 770,328 млн. тенге.

- жалға алынған тұрғын-үй құрылысына – 1679,138 млн. тенге.

- Тұрғын үй құрылыс аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға республикалық бюджеттен – 1 438,716 млн. тенге бөлінген.

Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша 2013 жылға – 3565,0 млн. тенге, 2014 жылға – 3888,182 млн. тенге қаржы қарастырылған бұл 323,182 млн.теңге көп немесе 0,9 %.

Павлодар облысында “Қолжетімді тұрғын үй – 2020” бағдарламасы бойынша 2014 жылы 165 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкі бағыты бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй: Павлодар қаласында 504 пәтерге, жалпы аумағымен 31,1 мың шаршы метр 4 тұрғын-үй құрылысы аяқталуы жоспарлануда. Жылдық енгізу жоспары 7,8 мың шаршы метр.Осы жылы Павлодар қаласында 410 пәтерге, жалпы аумағымен 24,0 мың шаршы метр 5 тұрғын-үй құрылысы аяқталды. Жас отбасыларға арналған тұрғын үй, Павлодар қаласында 208 пәтерге, жалпы аумағымен 12,9 мың шаршы метр 3 тұрғын-үй құрылысы аяқталуы жоспарланып, іске асырылды.

Бұл саладағы қарқынды іс әлі де жалғасып жатыр. Павлодар облысында 2016 жылдың соңына дейін 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл туралы жқында аймақ басшысы Болат Бақауов облыстық мәслихаттың депутаттары алдында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша есеп беру барысында мәлім етті. Болат Бақауовтың сөзінше, 2015 жылмен салыстырғанда биыл өңірде тұрғын үй құрылысы қарқын алған. Павлодарда пайдалануға берілген бес тұрғын үйдің екеуі "Бәйтерек" АҚ арқылы бой көтерді. Сондай-ақ, "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы аясында "Сарыарқа" шағын ауданында бюджеттік қаржыға 370 пәтерден тұратын төрт тұрғын үй салынуда. Бұдан басқа, биыл "Сарыарқа" шағын ауданында тағы да үш баспана және Екібастұз, Ақсу қалаларында бір-бір тұрғын үйден тұрғызылады.

Биыд Павлодарда Усолка шағын ауданындағы «KSP Steеl» ЖШС-нің есебінен құрылысы аяқталған 72 пәтерлік, тоғыз қабатты тұрғын үй қыркүйек айында қолданысқа берілмек. Сонымен қатар, "Қазақстан Алюминийі" АҚ Амангелді көшесінде көпқабатты тұрғын үй салуда. Бұдан басқа, Павлодарда «KSP Steеl» ЖШС, "Қазақстан Алюминийі" АҚ және "Павлодарэнерго" АҚ үш тұрғын үйдің, "Қазхром ТҰК" АҚ, "ЕЭК" АҚ Ақсу әне Екібастұзда екі тұрғын үйдің құрылысын жүзеге асырмақ.

Баспана бағдарламасы Қазақстен көлемінде сәтті іске асырылуда. Республикада 2016 жылдың 5 айында 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 20%-ға артық, деп мәлімдеді халықпен есептік кездесуінде ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев.

«Біздің министрлік айналысатын бағыттардың бірі - тұрғын үй құрылысы мен тұрғын үй шаруашылық қызметі. 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасын, Индустриаландыру картасын, тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру арқылы ҚР-да тұрғын үй құрылысының қарқыны 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4,5%-ға өсті», - деді Қ.Бишімбаев.

Министр айтып өткендей, 2015 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 2 млн-нан көп яғни 8,9 млн шаршы метр үй салынды. «Нұрлы жол» арнайы бағдарламасы аясында пайдалануға 7,23 мың пәтерлік 427,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оған қоса, 2016 жылдың 5 айында Қазақстанда 4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берлген. Осылайша, 34 мыңнан астам отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартты. Ведомство басшысының айтуынша, жалпы «Нұрлы жолмен» қатар әкімдіктер тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатыр. Олар несиелік тұрғын үй желісі бойынша салынуда.

2016 жылға 22,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2016 жылдың қортындысында қосымша 371,9 мың шаршы метр тұрғын үй беріледі. Бұл 6,5 мың қазақстандық отбасының жалдық және несиелік тұрғын үйге қол жеткізетінін көрсетеді. Қазіргі уақытта 26 мың шаршы метр берілді, жыл соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп уәде беріп отыр министрлік.

Марат Серікбай

 
0
0
644

Осы тақырып бойынша