"Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері" бойынша онлайн кездесу өтті.
Кездесуге қаламыздағы кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қыз-келіншектер, көп балалы аналар қатысты.
Жиналысты қалалық филиал төрағасының орынбасары А.Исаева ашты. «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы жанындағы іскер әйелдер қоғамдастығының төрайымы Т.Болатбаева 2020 жылдың 1 қарашасында кәсіпкерлер санының - 8249, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрған 7200 кәсіпкер бар екенін жеткізді. Соның ішінде 3578 әйел-қыздардың үлесінде екендігін айтты.
Қаламыздағы "Атамекен" палатасының маманы Г.Мусирова бизнес жүргізудің негізге бағыттарын, әртүрлі кәсіпкерлік саласындағы бағдарламалар туралы түсінік беріп өтті.
Жиналыс барысында кәсіпкерлердің сұрақтар қойылып, соған сәйкес кәсіпкерлік палатасы мамандары тарапынан жауап берілді.
