Әйелдер кәсіпкерлігі дамуда
Онлайн кездесуге Іскер әйелдер қауымдастығы мүшелері, Еңбекші аудандық партия филиалының қызметкерлері және Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Оспаналиева Рашкул Жалелқызы қатысты.
Жиында Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер кәсіпкерлігін дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ «Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату тақырыбтары талқыланды. Қазіргі таңда әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету мемлекет назарыннан тыс қамай келеді. Сол себепті бүгінгі жиында қозғалған өзекті мәселелер мен олардың шешімі ертеңгі күні қоғам үшін пайдалы болмақ.
Рашкул Жалелқызының айтуынша қазіргі таңда Қазақстан гендерлік тепе-теңдікті ұстанатын елдер қатарында. Яғни, нәзік жандылар арасында бизнеспен қатар саясатта да табысты еңбек етіп жүрген арулар саны күн санап артуда. Өзі сонау 90-жылдары алғаш іс бастаған танымалы кәсіпкер сол уақытта кәсіп ашу қиын болғанын, дәл қазіргідей мемлекеттен үлкен қолдау көрсетілмегенін айтып, әйел азаматтарды барынша белсенді болуға, ел игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
