«Әйел бақыты»: отбасы әлде мансап?
Әйел – ибалы қыз, инабатты келін, қадірлі қарындас, аяулы ана, ақ жаулықты әже. Сонымен қатар, әйел «бизнес-вумен» де бола алады. ХХІ ғасырда мансап қуған әйел – жаңалық емес. Үй шаруасын да, қызметті бірдей алып жүрген жақсы.

Әйел – жар да, келін де, ана да және жақсы қызметкер, үздік басшы да бола алады.

Барлығын өте жақсы, тіпті, кейбір еркектер қауымынан әлдеқайда артығырақ атқара алады десек, әсірелегеніміз емес. Олармен бәсекеге де түсіп жүрген қазақтың қаракөздерін өзіңіз де көріп жүрген боларсыз.

Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен – әлемді тербетеді. Ол бүгінгі қоғам талабы. Қай жыныс болмасын, өз белсенділігі мен іскерлігін ортаға салып, елге деген сүйіспеншілікпен беріле жұмыс атқарса, нұр үстіне нұр болары анық.

Бірақ, осы мансапқұмарлық отбасы берекесіне қалай әсер етеді? Мансапқұмар әйелдер арасындағы бәсеке қандай? Әріптестер арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуінен қызметте қиындық көрген кейіпкер бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» қонақта.

