Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ЫАЖ «Е-қызмет» жұмысы бойынша МҚІСЖҚІА Департамент мамандары практикум өткізілді

Ағымдағы жылдың 4 мамырында мемлекеттік органдардың кадрлық қызметі мен Агенттіктің қызметін әрі қарай автоматтандыру мақсатында мемлекеттік қызметті көрсететін және кадрлық сұрақтар бойынша жетекшілік ететін, жергілікті атқару органдардың мамандарына оқу семинары өткізілді.

Семинар жұмысы екі бағытта ұйымдастырылған болатын.

Мемлекеттік қызмет басқармасы маманы Г.М. Ибраева «Е-қызмет» жүйесінде толтыру процессі туралы - «Тәртіптік бақылау»; «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасы»; «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бақылау»;«Персоналды басқару бағалау»; «Персоналды басқару тиімділігін бағалау» оқу өткізілді. Жаттығу сабақты өткізу барысында кадр қызметкерлері жаңартылған жүйе процесстеріне мәліметтерді енгізу тәртібін үйренді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласын реттейтін заңнама туралы Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Ә.О. Әубәкірова ақпараттандырды. Онымен заңнаманы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін сақтау, қызмет алушыларға қызметтерді алу тәртібі туралы қолжетімді нысанда түсіндіру, азаматтардың қызметтерді алу кезінде құқықтарын бұзбау, сондай-ақ заң талаптарымен бекітілген міндеттерді ұстануға ұсынылды.

 
0
0
598

Осы тақырып бойынша

ЫАЖ «Е-қызмет» жұмысы бойынша МҚІСЖҚІА Департамент мамандары практикум өткізілді - Yvision.kz