Ұят - қас па, дос па?
21 ғасыр – технологиялардың дамып, ақпараттық жүйелердің қоғамдағы орнының артып, адамзаттың жаңа заманға деген елеулі қадам жасауға тиіс кезеңі.

http://innotechnews.com/innovations/1700-tsifrovye-tekhnologii-sokrashchayut-rasstoyaniya
Дегенімен, Қазақстан жеріндегі рудименттік түсініктер мен әдеттер әлі де болса қоғам санасын улауда. Өзіңе деген сенімділіктің жоқ болуы, жалқаулық, мақтаншақтықтан тыс, ең бір қарама-қайшылыққа толы түсініктің бірі - ол, сөзсіз...

https://www.caravan.kz/gazeta/ob-uyat-i-ne-tolko-o-nem-412505/
Алысқа кетпей, 2016 жылғы бір мақала туралы сөз қозғасам деп едім.
2016 жылдың 28-і сәуірінде https://kaz.nur.kz/1115248-qazaqstanda-uyatmen-atty-zhanha-qaharma.html ақпараттық порталында суретші Мұрат Ділманов ойлап тапқан «Ұятмен» атты қаһарман туралы мақала шыққан еді. Сол мақалаға сол кезде кезігіп, «Қойшы, карикатура енгізіп, қаһарман ойлап табатындай, жағдай тым мүшкіл емес шығар» дедім де, қатты көңіл бөле қоймадым.
Аталмыш Ұятмен.

Ұят өзінің қаруы - Ұят-плакаттарын өзінің "жауларына" жауып, ұятсыздықпен күреседі.

Ұятменнің Әсел Баяндаровамен шайқасы.

Әрине, жалаңаш түсем дегенге қарсы реакция ретінде "ұят феноменін" қолдану - жағдайдың бергі жағы. Консервативті көзқарастың қолдаушылары әр кез өзін Ұятмен санап, кез-келген "ұятсыздықпен" күресуге дайын тұрады.
Алайда, мені уайымдататыны "өсектен қорықпаймын", "ел не десе, сол десін" деген "жалынды жастар" мен олардың "ерліктері" емес. Ең қорқыныштысы - адамды арманына, мақсатына барар жолындағы бөгет болатын ұят.

https://shkolazhizni.ru/job/articles/56054/
Мақала басындағы менің рудименттік дегенім қазағымды кемсіткенім емес, жаңа серпінге жалғап, жаңа заманмен бірге қадам басуға шақыруым. Менің арманым - болашақтағы Қазақстан жастары өз армандарынан қорықпай, "ұят қой, әкем қызметкер - мен қалай өнерге барамын" деген секілді, "жұрт не ойлар екен" деп бастамай жатып, арманын қара жерге аманат етпесе екен деймін.

https://www.yaplakal.com/forum7/topic1699803.html
Қорытындылап, тақырыптағы сұраққа жауап беретін болсақ - ұяттың дос болатын да, қас болатын да кездері болады. Бүгінгі таңда көбісі ұятты дұрыс қолданбайды, сондықтан жасөспірімдер арасындағы ұят жамандықтан арылу емес, жақсылыққа бөгет көрінуде. Мұны тек баршамыз бірігіп, ерен еңбек етіп қана түзей аламыз. Әйтпесе, Ділмановтің әзілі күлкілі, ал біздің жағдай - "тревожный".
