Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ядросыз әлем - Қазақстанның жаһаңдық миссиясы» кітап көрме

Аудандық орталық модельді кітапхана қызметкерлері 27 тамыз күні антиядролық қозғалысына 30 жыл толуына орай «Ядросыз әлем - Қазақстанның жаһаңдық миссиясы» тақырыбында кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

Халқымызға орны толмас қайғы әкелген, ядролық жарылыстар алаңына айналған Семей полигоны туралы терең мағлұматтар беретін жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің ғылыми еңбектері мен басылымдар беттерінде жарық көрген мақалалар, қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан әр жылдардағы зерттеу жұмыстары көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрмеде антиядролық қозғалысының маңызымен, Н.Назарбаевтың, О.Суйлеменов, Н.Жотабаевтың және т.б. авторлардың кітаптары, энциклопедиялармен мерзімді басылым беттерінде жарияланған полигон зардабы туралы мақалалармен таныстырып, Семей ядролық сынақ полигонының тарихы, апат салдары, сынақ полигонының жабылуы туралы шолу жасады.

Көрме аудандық кітапхана төрінде 27-31 тамыз аралығында барша оқырмандар назарына ұсынылады.

0
0
241

Осы тақырып бойынша

«Ядросыз әлем - Қазақстанның жаһаңдық миссиясы» кітап көрме - Yvision.kz