Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ықсанов» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді.

Бүгін «Off-line» режимінде «Nur Otan» партиясының депутаттары Біржан Қуаналиев және Тахир Кадимовтың қатысуымен «М.Б.Ықсанов» бастауыш партия ұйымының есеп беру жиналысы өткізілді. Жиналыста осы бастуыш партия ұйымының төрағасы Алтай Бақтығалиев өткен кезеңде бастуыш ұйымында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Өз кезегінде «Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Жол картасының негізгі басымдықтармен таныстырып, алда тұрған міндеттер туралы хабардар еткен болса, Жәнібек аудандық мәслихатының хатшысы Тахир Кадимов аудан көлемінде атқарылып жатырған жұмыстар жөнінде хабардар етті.

Жиналыста аудандық мәдениет үйінің қызметкері Гүлжиян Ниязалиева Қамысты ауылының тұрғыны Гүлзия Мәмбеталиеваның тұрғын үй мәселесін шешу туралы өз ұсынысын білдірді. Бұл ұсынысқа қатысты Біржан Қуаналиев жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолданыстағы заңнамада көзделген тәртіппен мәселені шешу бойынша қажетті шаралар қолға алынатындығын жеткізді.

0
0
165

Осы тақырып бойынша