Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметтегі реформалардан хабары мол

Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкері, облыстық Ішкі істер департаментінде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асырылу барысы және 5 институционалды реформаны іске асыру аясында Ұлт жоспары – 100 нақты қадам туралы дәріс оқыды. Тәртіп сақшылары мемлекеттік басқару, құқық қорғау және сот органдары жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін талқылап, полицейлердің қызметтік этикасына, олардың жемқорлыққа қарсы әрекеті және тәртіп бұзушылықтарға нөлдік төзімділікті қалыптастырудағы рөліне аса мән берді.
Дәріс барысында «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі, тиімділік пен нәтижені көздейтін, мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемін факторлық-балдық шкала арқылы төлеу жүйесінің ерекшеліктері таныстырылды. Бұл заңның құқық қорғау қызметі туралы заңнамамен реттелмеген бөлігінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де күші жүретіндігі ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейне роликтер көрсетілді.

0
0
401

Осы тақырып бойынша

Құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметтегі реформалардан хабары мол - Yvision.kz