Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Worldskills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионаты.

 

«Worldskills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионаты


2017 жылғы 2-5 мамыр аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында «Worldskills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионаты өтеді.

WorldSkills – жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеріп, танымалдығын арттыруды көздейтін халықаралық қозғалыс. Қазақстан WorldSkills қауымдастығына 2014 жылы кірген. Қауымдастыққа әлемнің 76 мемлекеті мүше, чемпионаттар осы елдерде өтеді.

Биыл WorldSkills Kazakhstan үшінші рет өтеді. Шараны Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» Холдингі» ҰАҚ бірлесе ұйымдастырып отыр. Қазір бұл жоба жастар арасында танымал. Жыл сайын чемпионатқа қатысушы мамандарды бағалайтын кәсіби құзыреттіліктер саны да артып келеді. 2015 жылы жарыс 7 құзыреттілік бойынша өтсе, 2016 жылы олардың саны 15-ке жеткен, ал 2017 жылы конкурс 30 бағыт бойынша өтпекші.

Биылғы дода келесі мамандықтар бойынша өтеді: аспаздық шеберлік, мейрамхана қызметі, аспаз ісі, мехатроника, электроника, электромонтаж жұмыстары, сандық басқару бағдарламасымен жұмыс істейтін станоктарда атқарылатын жону жұмыстары, дәнекерлеу ісі, слесарь ісі, желілік және жүйелік басқару, кірпіш қалау, құрғақ құрылыс қоспалары мен сылау жұмыстары, майлау және сәндік жұмыстар, тақтамен қаптау, веб-дизайн, шаштараз ісі, киім үлгісін жасау және дизайн, суыту және желдету техникасы бойынша қызмет көрсету, CAD инженерлік графикасы, сантехника және жылу, шанақ жөндеу, ағаш өңдеу жұмысы, жүк көліктеріне қызмет көрсету, ағаш шеберлері, графикалық дизайн, ландшафт дизайны, шатыр жұмыстары, флористика, жеңіл көліктерді жөндеу және оларға қызмет көрсету, визуалды мерчандайзинг және витринистика. Жарысқа 300 үміткер, 400 эксперт қатысып, 5 мыңға жуық қонақ келеді деген болжам бар.

«Worldskills Kazakhstan – 2017» чемпионатының шеңберінде тұңғыш рет мүмкіндігі шектеулі оқушылар арасында Abilympics (Абилимпикс) сайысы және есту қабілеті нашар жеткіншектер арасында Deafskills жарысы өтіп, олардың кәсіби шеберлігі сынға түспек.

Биыл ұлттық чемпионатта оза шапқан жеңімпаздар халықаралық жарыстарға қатысады деген болжам бар. Атап айтқанда, мамыр айында Краснодар қаласында өтетін «Жас мамандар» (WorldSkills Russia) чемпионатына қатысса, қазан айында Абу-Дабиде өтетін (БАӘ) Worldskills Competition чемпионатына бармақ.

 

0
0
1786

Осы тақырып бойынша

«Worldskills Kazakhstan – 2017» ұлттық чемпионаты. - Yvision.kz