Мазмұнға өту
Обложка сообщества Cybersport Qaz

Windows-тың қай нұсқасы ойындар үшін қолайлы?

Бүгінде көптеген геймерлер әлі күнге дейін ескі нұсқаларды пайдаланады. Бұл адамдардың көбінесе бір нұсқаны қолдануды әдетке айналдыруы мен өздеріне қолайлы деп есептегендігі, жаңа операциялық жүйеге ауысқысы келмейтіндігіне байланысты. Сондай-ақ кейбір қолданушылардың жеке компьютері Windows 10-ға белгілі бір себептермен өздігінен толықтырылса да, олар өздері білетін 7 нұсқасына қайта оралып жатады.

Ескі нұсқаларға талдау жасаймыз және нұсқалардың ішінен қолдануға ең қолайлысын таңдаймыз

Windows- тың ескі нұсқаларына не жатады?

1. Windows ХР

2014 жылдан бастап бұл операциялық жүйенің қауіпсіздігін толықтыру өзгертілді, ал заманауи компьютерлер 2011 жылдан бастап-ақ жылдамдықты тарта алмады. Сондай-ақ, ХР ЖЖҚ-ны 2,5 Гбайт көлемінде ғана ұстап тұрғандықтан, қазіргі заманғы компьютерлер үшін мүлдем тиімсіз болып табылады. Ал ХР-ға дейінгі нұсқалар туралы айтудың еш қажеті де жоқ.

2. Vista

Бұл нұсқа Windows 7 шыққаннан кейін мүлде қолданылмады және ең бір қалыптаспаған туынды ретінде танылды.

3. Windows 7

2009 жылы шығарылған, аңызға айналған, сондай-ақ әлі күнге дейін жанкүйер-қолданушылары бар операциялық жүйе. Мұнда тұрған ештеңе жоқ, алайда осы жылдан бастап аталмыш нұсқа жүйелерінің қауіпсіздігін толықтыруды және драйверлердің операциялық жұмысын кәдімгідей бәсеңдететін, сондай-ақ ойындарға қатты ықпал ететін толықтыруларды шығару өзгертілді.

4. Windows 8

Бұл туралы көп ештеңе айтпасақ та болады, себебі, ол барлық нұсқалардың ішіндегі ең бір дұрыс құрастырылмаған нұсқа болып танылды және Microsoft бұл операциялық жүйені шыққан күннен бастап-ақ қолдамады.

Ойындарға арналған ең жақсы Windows 10-ды таңдаймыз.

Жоғарыда айтылған операциялық жүйелердің кемшіліктерін ескере отырып, ойыншыларға нұсқалардың арасынан Windows 10-ды таңдағандары жөн екендігін айта кетейік.

Алайда, қайсысын таңдау қажет?

1. Windows 10 Home

Үй жағдайында қолдануға болатын нұсқа. Жеке компьютерде кәдімгі жұмыс істеу үшін өте қолайлы операциялық жүйе. Алайда, мұнда бірлесіп қолдануға арналған көптеген қажетті фичтер жоқ.

2. Windows 10 LTSC

«Жеңілдіктердегі» кәсіби нұсқа.

Жүйенің артықшылықтары ретінде қауіпсіздік жүйелерін ұзақ уақыт ұстау мен сапалы толықтыруларды (жылына екі рет шықса да) айтуға болады.Жеке қолдану үшін кемшіл тұсы, өкінішке орай оны заңды түрде ала алмайтындығы..

3. Windows 10 Pro

Қашықта жұмыс істеу мүмкіндігі, сақтау орнын ең қарапайым түрде шифрлау және басқа де көптеген артықшылықтарымен орасан зор пайдасы бар болғандықтан кеңседе пайдалануға болатын ең жақсы жүйе. Мұндағы мәселе - барлық мықты мүмкіншіліктердің ойын сапасына еш ықпал ете алмайтындығы.

ОСЫЛАЙША ҚОЛАЙЛЫ, САПАЛЫ ОЙЫНДАР ҮШІН ЕҢ ҮЙЛЕСІМДІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ WINDOWS 10 HOME – БАРЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР АРАСЫНДА ДАРА БАСШЫ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

0
0
280

Осы тақырып бойынша