Волонтерлер жиналысы өтті.
Жиналыс барысында волонтерлер өз ойларын ортаға салып, алдағы сайлауда кандидаттарға қолдау білдіру үшін аянып қалмайтындарын жеткізді. Волонтерлердің кураторы А.Қайырханов: "Алда ел үшін жауапты кезең. Елімізде алғаш рет праймериз өтіп, лайықты кандидаттар іріктелді. Осы ретте біз де партиялық тізімге өткен кандидаттарды қолдап, одан әрі халықпен тығыз байланыс орнатуына алтын көпір болуымыз шарт. Ақпаратпен қамтасыз ету, яғни халықты құлақтандыру жұмысына аса мән беруіміз қажет. Осы кезде "Қоғамға қызмет етуді зердесіне түйген ұл-қыздарымыз нағыз азамат болары анық" деп, Ел Президенті Қ.Тоқаев айтқандай, бәріміз біріге азаматтық танытып, ел сенімін ақтайық" – деді.
Жиналыс соңында волонтерлер өздерінің жұмыс бағыттарын айқындап, жұмысты бастауға дайын екендерін жеткізді.
