«Водник-3» ықшам аудан тұрғындарымен кездесуі өткізілді.
2021 жылғы 6 қаңтар күні сағат 15-00де облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер – М.Увалиев, Ж.Нұрманбаевтың Іле ауданы, Боралдай кенті, «Водник-3» ықшам аудан тұрғындарымен кездесуі өткізілді. Кездесуге «Водник-3» ықшам аудан тұрғындары барлығы 25 адам қатысты. Кездесу барысында сөз алған үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен таныстырып, облыс, ауданның әлеуметтік-экономикалық саладағы даму көрсеткіштері, соның ішінде өндіріс, шағын және орта бизнес, жастарды кәсіпке тарту, шағын кәсіпкерлік ашу, денсаулық сақтау саласы мәселелері бойынша партияның сайлауалды бағдарламасында атқарылатын жұмыстар нақты жоспарланғаны жайлы түсіндірілді. «Водник-3» ықшам аудан тұрғындары 10 қаңтар күні бірауыздан «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, қолдау көрсетеміз деген тілектерін білдірді.


