Видео викторина «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі»
📌Аудандық тарихи-өлкетану музейінде Рухани келісім күніне арналған тақырыптық экскурсия және көрме қойылды.
✔ Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішінде қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қазіргі заманғы қазақ қоғамында ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып табылады.
✔Қазақстанда адамзат тарихында тұңғыш рет барлық дін өкілдері, қоғамдық діни ұйымдардың өкілдері бас қосқан еді. Конгрестің 18 қазан күні өтуі кездейсоқтық емес. 1893 жылы Чикаго қ. (АҚШ) осындай съезді шақыру тылпынысы болған еді. Жыл сайын елімізде 18 қазанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Осыдан 28 жыл бұрын дәл осы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Алматыда өткен Бірінші Бүкіл�әлемдік Рухани Келісім Конгресінде қатысушылар 18 қазанды Рухани келісім күні деп жариялауға шақырған манифест қабылдаған еді. Атаулы күн қарсаңында елордада қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты конференция өтті.
✔Қазіргі таңда елімізде 18 діни конфессия мен 130-ға жуық этнос өкілдері бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Елімізде мешіт, шіркеу, ғибадатханалардың саны 3541-ге жетсе, 3720 діни бірлестік бар екен. Осылайша Қазақстан барша әлемге ұлттар мен түрлі діни көзқарастағы адамдар арасындағы достық, келісім мен бейбітшіліктің үздік үлгісін көрсетіп отыр.
📌В районном историко-краеведческом музее состоялась тематическая экскурсия и выставка, посвященная Дню духовного согласия.
✔ Одним из важнейших достижений независимого Казахстана за 30 лет является социальная стабильность в современном казахском обществе, основанная на межнациональном и межрелигиозном согласии.
✔В Казахстане впервые в истории человечества собрались представители всех религий, представители общественных религиозных организаций. Не случайно конгресс состоялся 18 октября. В 1893 г. в г. Чикаго (США) был призван такой съезд. Ежегодно 18 октября в стране отмечается День духовного согласия. 28 лет назад именно в этот день по инициативе Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы Нурсултана Назарбаева на Первом Всероссийском конгрессе духовного согласия в Алматы участники приняли манифест с призывом объявить 18 октября Днем духовного согласия. В преддверии знаменательной даты в столице прошла конференция «Духовное согласие – залог единства и стабильности», организованная акиматом города.
✔На сегодняшний день в стране под одной крышей дружно живут представители 18 религиозных конфессий и около 130 этносов. Количество мечетей, церквей, храмов в стране достигло 3541, а религиозных объединений-3720. Таким образом, Казахстан демонстрирует всему миру лучший пример дружбы, согласия и мира между народами и людьми различных религиозных взглядов.

