Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің инспекциясының қызметшілеріне құқықтық оқыту

2019 жылдың 25 ақпанында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының қызметшілерінеқұқықтық оқыту өткізілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Тастемиров құқықтық оқыту барысында бос лауазымдарға конкурс өткізу талаптарына енгізілген өзгерістер, мемлекеттік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарға енгізілген өзгерістер,2019 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметке кіру үшін арналған тестілеудің өзгерістерібойынша, оның ішінде жеке құзыреттерге арналған тестілеудің ерекшеліктері туралы және «Е-қызмет» жүйесіндегі құжат алмасу процедураларын түсіндірді.

Бұдан өзге, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді

Құқықтық оқытуға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.

0
0
448

Осы тақырып бойынша