Ветеренария басқармасының қызметкерлерін ақпараттандырды

А.ж. 16 маусымында СҚО бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкері Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының қызметкерлерімен мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Басқарманың қызметкерлері мемлекеттік қызметке конкурссыз түсу тәртібімен, сонымен қатар «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бөліммен танысты.
Департамент қызметкері семинар қатысушылардың ҚР Президенті жанындағы академиясына түсу, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау, мемлекеттік қызметшілердің аттестациялаудан өту, мемлекеттік қызметке түсуге тестілеуді өту тәртібі туралы және басқа қойылған сұрақтарға жауап берді.
