Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Вершина» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті

Бүгін «Nur Otan» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Болат Құспеков «Вершина» ЖШС автокөлік цехының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу өндірістік алаңда өткізілiп, барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталды.

Үміткер «Nur Otan» партиясы Екібастұз филиалының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Цех жұмысшылары үміткерге жылудың нашарлығы, коммуналдық қызметтердің қымбаттығы және кварталiшiлiк аймақтарды тазарту туралы сұрақтар қойды. Сайлаушылардан түскен барлық сұрақтар мен тапсырыстар қалалық партияның сайлауалды штабының қоғамдық қабылдауына жіберіледі.

Үміткер сайлаушыларға өз есімдерін сайлаушылар тізімінен тексеруді ескертті.

Екібастұз қалалық сайлауалды штабының баспасөз қызметі

0
0
145

Осы тақырып бойынша

«Вершина» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті - Yvision.kz