Ведомствоаралық жұмыс тобының 2019 жылғы кезекті отырысы
Ағымдағы жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (әрі қарай - Департамент) Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасында Департамент жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің қатысуымені отырыс өткізілді.
Отырыстаоблыстың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы туралы, Инватакси» мобильды қосымшасын және веб-сайтын әзірлеу бойынша жүргізілген шаралармен таныстыру,білім беру және ауылшаруашылығы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қаралды.
2019 жылдың 1 тоқсанында жергілікті атқарушы органдарымен 450 388 мемлекеттік қызмет көрсетілген(2018 год – 452 678).
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтің динамикасы
2016 жыл
2017 жыл
2018 жыл
1 тоқсан 2019 жыл
саны
%
саны
%
саны
%
саны
%
281 427
12,5
1 033 686
58,1
1 180 808
68,2
280 344
60
Жұмыс тобының отырысында «Инватакси» мобильдік қосымшаның жұмысы таныстырылды. Облыс бойынша қазіргі уақытта 4 үкіметтік емес ұйым қызмет көрсетуде.
2019 жылға инватакси қызметіне 59078,0 мың. теңге бөлінген, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін 23 автокөлікпен 707 мүгедек адамдарға 8239 қызмет көрсетілген.
Қазіргі уақытта Инватакси мобильдік қосымшасы жасалуда.
Қосымшаның мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін инватаксидің жұмыс сапасын бақылау, шақыртуларды автоматтандыру.
Қосымшадағы жүйе қызмет алушыларды сырқаттану категориясына байланысты бөлуді реттейді. Қосымшаны іске қосу 2019 жылдың 1 шілдесіне жоспарлануда.
Сонымен қатар отырыста бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды электрондық қабылдау туралы мәселе қаралды.
Құжат қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 маусымынан 30 тамызға дейін жүргізіледі.
Электрондық құжат тапсырған кезде қызмет алушыға 5 күннің ішінде хабарлама немесе ұялы телефон номеріне хабарлама хат келеді. 10 күннің ішінде қызмет алушы құжаттардың тұпнұсқасын идентификациялау үшін мектепке баруы тиіс.
