Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ведомствоаралық жұмыс тобының 2019 жылғы алғашқы отырысы өткізілді

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) жанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының алғашқы отырысы өткізілді.

Отырыс барысында БҚО жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы, жергілікті атқарушы органдармен жүргізілген бақылау іс-шараларына мониторинг және көрсетілетін мемлекеттік қызметердің сапасына ішкі бақылау есебіне жүргізілген талдау туралы, Теректі ауданының мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қаралды.

Республикалық қоғамдық мониторинг нәтижесінде 2017 жылмен салыстырған жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне қанағаттандыру деңгейі 22,6% төмендеуі анықталды (2017 жылы 77,6%, 2018 жылы 55%).

Осыған байланысты мемлекеттік қызмет көрсететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" МК КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалынамемлкеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында республикалық қоғамдық мониторинг нәтижесін жолдау ұсынылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен жүргізілетін бақылау іс-шараларын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізу ұсынылды.

Теректі ауданының мемлекеттік органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мәселесі бойынша қабылданған шаралар туралы есебі қаперге алынды және ауылдық округтерде жоғары сапалы интернетке қол жеткізу жұмыстаны жүргізу тапсырылды.

0
0
331

Осы тақырып бойынша

Ведомствоаралық жұмыс тобының 2019 жылғы алғашқы отырысы өткізілді - Yvision.kz