Увалиев Мұрат Талғатұлы қабылдау өткізді.
2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 10-00де «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық маслихат депутаттығына үміткер Увалиев Мұрат Талғатұлы қабылдау өткізді. Қабылдауға Өтеген батыр ауылының тұрғындары және Қараой ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Сейлхан Гулназ қазіргі уақыттағы басты мәселе газ мәселесі туралы толғандырған сұрақтарын қойды. Анықтап айтқанда, көпбалалы аналар үйлеріне газ орнатуда қандай жеңілдіктер барын сұрады. Үміткер тарапынан тиісті жауап беріліп, бұл сұрақты тағы да тереңірек қарастыратынын айтты.


