Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Университеттің түлектеріне мемлекеттік қызметке түсу ережелері түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік қызметті кәсібилендіру бойынша жүргізіліп жатқан реформаларды түсіндіру бойынша түрлі мақсатты топтармен кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруда.

2019 жылғы 30 мамырда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқытушылары мен түлектермен кездесу өтті, кездесу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттары туралы бейнероликтен көрсетуден бастау алды.

Іс-шараға қатысушыларға Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В. Масимова Мемлекеттік қызметке кіру ережелерін түсіндірді, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуден өту және жеке қасиеттерін бағалаудың жаңа моделі, конкурстық рәсімдердің ашықтығы, бос мемлекеттік лауазымдарға хабарландыру іздеу мәселелеріне назар аударды.

Іс-шараға Департаменттің Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлегі Б. Хайруллин қатысып, мұнай-газ, көлік, құрылыс, энергетика, экономикалық, экологиялық саланың болашақ мамандарымен кәсіби өсудің табысты тәжірибесімен бөлісті.

0
0
272

Осы тақырып бойынша

Университеттің түлектеріне мемлекеттік қызметке түсу ережелері түсіндірілді - Yvision.kz