Ұлттық киім ұлықталған күн
18 наурыз – Қазақстанда Ұлттық киім күні ретінде атап өтілетін ерекше мейрам. Бұл күн қазақтың дәстүрлі мәдениетін жаңғыртып, ұлттық киімнің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.
Қазақ халқының ұлттық киімі – тарихымыз бен мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Әрбір ою-өрнек, әрбір түйме мен зергерлік бұйым белгілі бір мағынаға ие. Қазақы шапан, камзол, сәукеле, тақия, белбеу мен етік – халқымыздың өмір салты мен эстетикалық талғамын көрсетеді.
Қазақ халқының ұлттық киімдері – ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраның ажырамас бөлігі. Олардың әрбір элементі халықтың дәстүрін, дүниетанымын және өмір салтын бейнелейді. Қазіргі уақытта ұлттық киімдерді тек мерекелік шараларда немесе этнографиялық қойылымдарда ғана емес, сонымен қатар университеттік ортада да кию үрдісі байқалады.
Қазақтың ұлттық киімін университет қабырғасында кию – жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығының артуының бір көрінісі. Кейбір университеттерде студенттер ұлттық киімдерді арнайы күндерде, мерекелерде немесе флешмобтар барысында киеді. Мұндай үрдіс жастар арасында патриоттық сезімді нығайтып, қазақ мәдениетін дәріптеуге ықпал етеді.
Қазақтың ұлттық киімдері, әсіресе, шапан, камзол, сәукеле, тақия, жейде, ою-өрнектермен безендірілген белдемше мен көйлектер – халықтың эстетикалық талғамын көрсетеді. Сонымен қатар, киім үлгісіне қарап адамның жасын, әлеуметтік мәртебесін және қай өңірден шыққанын анықтауға болады. Университеттегі ұлттық киім кию дәстүрі бұл құндылықтарды жаңа ұрпаққа жеткізудің бір жолы.
Осы үрдістің бастамасы біздің университетімізде, яғни Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде басталды. Әр аптаның жұма күнінде барлық оқытушы-профессорлар құрамы, жұмыскерлер және білім алушылар ұлттық киім кию міндеттеледі. Тек әр жұмы күні емес президентіміз Қ.К. Тоқаевтың бекіткен 10 күндік Наурызнаманың тізімінде 18 наурыз күні Ұлттық киім кию күні болып бекітілді. Бұл күн - халық рухының кеңдігін, таңғажайып күйін бейнелейтін ұлттық киімнің дизайны мен көркемдігіне, қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн. Осы күні ұлттық киім киюді дәріптеу мақсатында Ақпараттық технологиялар факультетінде арнайы шаралар ұйымдастырылды. Мысалы, этнографиялық фестивальдер – білім алушылар қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін таныстырып, мәдени шараларға қатысады.
Бүгінде дизайнерлер қазақтың ұлттық нақыштарын заманауи киім үлгілеріне бейімдеп, күнделікті өмірге енгізуге тырысуда. Камзол мен шапанның заманауи үлгілері, ою-өрнекпен көмкерілген көйлектер мен костюмдер трендке айналып келеді.
Университетте қазақтың ұлттық киімін кию үрдісі – жастар арасында ұлттық мәдениетті сақтауға және дамытуға бағытталған маңызды бастама. Бұл үрдіс қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын дәріптеп, болашақ ұрпаққа оны жеткізудің заманауи тәсілдерінің бірі болып табылады. Осындай бастамалар арқылы жастар ұлттық құндылықтарға құрметпен қарап, оны күнделікті өмірде қолдануға талпынады деп ойлаймыз.
Авторалар: Байтенова С.А., Максутова Б.А., Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Мәткерім Б., Түркен Г., Газиз. Г.