Әулие - Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығы!
Әулие - Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай үлкен буын ардагерлермен және дін өкілдерімен дөңгелек үстел жиыны өтті. Жиын барысында ағартушы әрі руханият абызы Пір Бекет атаның ғибратты өмірбаянымен қатар Аллаһ Тағаланың сүйікті құлдарының бірі болғаны айтылды. Имандылықтың ұстынына айналған Бекет атаның халыққа тигізген көмегі және ерекше қасиеті туралы жастарға өсиеттер айтылған болатын.

Бекет Ата арқылы дертіне шипа тауып, түтіндері түзу ұшып жатқан отбасылар қанша ма? Сөз реті келгенде айта кетейін, басына қиын іс түсіп, барар жер, басар тауы қалмаған кезде Бекет атадан шапағат тілеу арқылы тығырықтан жол тапқан адамдардың бірі – Асылбек атамыз* өзінің қалай әруақтан жәрдем тілегенін ашып айтады.

