Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

UFC тарихындағы алғаш рет қазақстандық спортшы қыз жеңісі үшін рекордтық гонорар алды.

Ultimate Fighting Championship (қаз. Абсолют төбелес чемпионаты) — бас кеңсесі АҚШ, Лас-Вегаста орналасқан және Солтүстік Америка, Еуропа және Азияда аралас жекпе-жек (сондай-ақ ММА – Mixed Martial Arts деген атаумен белгілі) төбелестерін өткізетін спорт ұйымы. Ең басында, UFC шығарушылары, біржолғы жарыс ретінде қарастырып, ең тиімді төбелесу түрін анықтауды көздеді және ежелгі бразил вале-тудо жарыстарын еске түсіреді. Алғашқы 1993 жылы Денверде өткізілген жарыс, болашақта тағы жарыстарға жол ашты, бірақ Невада шататының басшыларының айтуы бойынша, жекпе-жектің ережесін өзгертуге тура келіп, оны көріністен айналдырды.

2006 жылдан бері, UFC жарыстары кәсіби боксқа ақылы телевизияда айтарлықтай бәсекелес болды: ақылы трансляция тапсырыстарының саны 1 000 000-нан жиі асып кетеді. 2007 жылы, өзінің ең үлкен қарсыластары жапондық Pride Fighting Championships ұжымын сатып алғаннан кейін, UFC әлемдегі ережесіз жекпе-жек жарыстарының ең үлкен ұйымдастырушысы болды.

Осы спорт өнерінде Қазақстандық спортшы Мария Агапова (10-2) "Колумбия патшайымы" лақап атымен танымал Сабина Мазомен (9-3) жекпе-жегі үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды. 

Олардың жекпе-жегі Лас -Вегастағы UFC Fight Night 194 (UFC Vegas 39) турнирінде өтіп, үшінші раундта аяқталды. Алдымен Агапова қарсыласын нокдаунға жіберді, сосын оны тұншықтырып әдісімен жеңді.

Бұл жекпе-жек үшін Агапова рекордтық сыйақы – 94 000 доллар алды. Оның ішінде 20 000 доллар – бұл кепілді гонорар, 20 000 доллар жеңіске жеткені үшін және 50 000 доллар турнирде жарқын кездесу өткізгені үшін, ал 4000 доллар ынталандыру демеушілік бонусы ретінде берілді.

Мазоға келетін болсақ, ол 31 000 доллар алды (25 000 доллар кепілді гонорар және 6 000 доллар демеушілік бонусы).

0
0
111

Осы тақырып бойынша

UFC тарихындағы алғаш рет қазақстандық спортшы қыз жеңісі үшін рекордтық гонорар алды. - Yvision.kz