Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Уалиолла Абешов екі қабатты 12 пәтерлік үйде тұратын көпбалалы аналармен кездесу өткізді

Шарафутдинов көшесінде орналасқан екі қабатты 12 пәтерлік үйде тұратын көпбалалы аналармен кездесу өткіздім. Ауыл әкіміне үміткер Ернар Галимовтың сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым. Үй жаңадан пайдалануға берілгенмен сапасыз салынғаны көзге көрініп тұр. Тамбурларынан және бөлмелерден жаңбырдың суы өткен. Ғимарат шөккендіктен қабырғалары жарылғын. Үйдің іргетасының және кіреберістегі жабын тақталары сынып түсіп жатыр. Құрылыстың мердігерін шақыртып келісім шартқа сәйкес міндеттемелерін орындату кезек күттірмейтін мәселе. Қасында құрылысы жүріп жатырған екі үйдің де сапасы қадағаланбау салдарынан осы үйдің кебін киері анық. Уалиолла Абешов

0
0
215

Осы тақырып бойынша

Уалиолла Абешов екі қабатты 12 пәтерлік үйде тұратын көпбалалы аналармен кездесу өткізді - Yvision.kz