Уақытым, алтын қазынам...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Pera Classic - Vuslat
Бейнематериал авторы – ZemTV
Өңдеген – Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Ризамын бүгін, Аллаға,
Уақытына, берген мен үшін.
Жас кетсем егер, қайтер ем,
Өмірдің білмей, мен күшін.
Жастығым, шіркін оралмас,
Уақытым өткен, бір сәттей.
Бекерден-бекер болдым мас,
Көктем мен күзден, бір кетпей.
Уақытым, алтын қазынам,
Ендігі, сені үнемдеп.
Өтермін іздеп Алладан,
Үмітті, иманын, тек тілеп.
Керексіз болар байлығым,
Үнемдеп салған сарайым.
Балада қалар, күй-жайым,
Тоқтаса, бір күн сағатым.
Кешіре гөр, Алла өзімнен,
Қателік, кетсе сөзімнен.
Керек пе өмір, десем мен,
Түңіліп, бекер ренжісем.
Уақытты, алдай алмаймын,
Тағдырға, таңба салмаймын.
Уыстап шашқан уақытты,
Қалайша, енді жинаймын.
Тіршілік, мүлдем бітпейді,
Көтерем десем, деңгейді.
Алдағым келеді, уақытты,
Бірақта, уақыт көнбейді.
Ендігі қымбат күн, айым,
Оң көзін салса, Құдайым.
Қарызға, берген уақытын,
Өтуге дүрыс, дайынмын.
Бар еді айтарым, ұрпаққа,
Бағала уақытты, сағатты.
Ақшаға сенбе, шатаспа,
Сатылмайды уақыт, ақшаға.
