Қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге гүл шоқтарын қойды
Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бері жыл сайын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді.
Осы күнге орай аудан орталығындағы "Алаш" саябағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу рәсімі өтті. Қуғын-сүргін және аштық құрбандарына арналған ескерткіш-белгіге "Nur Otan" партиясы Қаратөбе аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Меңдешов, аудандық маслихат хатшысы Қ.Сүйеуғалиев пен аудандық қоғамдық ұйым өкілдері "Қаратөбе съезі" өткен тарихи алаңға гүл шоқтарын қойды.
Еліміздегі алапат аштық, сонымен қатар 37-нің қырғыны - бұл біздің ел тарихындағы ең бір қасіретті кезеңдердің бірі. Оның халқымызға тигізген зардабы біздің қазақтың танымал тұрғалары мен ұлт зиялылары осы бір қасіреттің құрбанына айналды. Олардың арманы ұлттың азаттығы және әлем елдерімен терезесі тең болуын армандап еді. Сондықтан мұндай жағдайлардың бұдан былай орын алмауы үшін келешек ұрпақ жадында мәңгі сақтау үшін өткеннен тағылым алып, еске алу біздің азаматтық парызымыз. Президентіміз саяси құғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құруы әділдікті, шындықты қалпына келтіруге бағыттаған үлкен жұмыс деп есептейміз. Алаш арыстарының алдында бас иеміз!
