Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Уәлиханов және Ақжар аудандарының тұрғындарына 100 нақты қадамның мақсаты баяндалды

Ағымдағы жылғы 20 тамызда СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі облыстық соттың, Уәлиханов және Ақжар аудандары әкімдіктерінің қолдауымен 5 институционалды реформаларды түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Семинарға ауылдық округтер әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың аудандық атқарушы және аумақтық құрылымдарының басшылары қатысты.
Уәлиханов ауданы Кішкенекөл с. семинарды ашқан А.Ж. Төрегелдин, ауылда қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер еңбегінің ерекшелігін, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сапасы - бидай өндірісін, мал шаруашылығын дамыту, бизнесті жан-жақты қолдаудан тікелей тәуелділігін атап өтті.
Бірінші және екінші институционалды реформаларды түсіндіру кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері мен аудандық соттың м.а. А.Қ. Әубәкіров, мемлекеттік қызметшілердің еңбек төлемін жаңа әдіс бойынша төлеу, мансаптық жоспарлау, сот реформасы, зейнет алды жастағы және зейнеткерлік жастағы қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу бойынша көптеген сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында мемлекеттік басқару Академиясындағыдай мемлекеттік қызметшілерді Аймақтық оқыту орталықтарында оқыту үшін республикалық бюджеттен орталықтандырылған қаржыландыру, тұрғындардың тығыздығына байланысты аудан қызметшілерінің штаттық санын қайта қарау және білікті мамандардың Көкшетау, Астана қалаларына ауытқуларына байланысты, шалғай орналасқан аудандардың қызметкерлеріне қосымша төлем коэффициентін көздеу жөнінде ұсыныстар енгізілді.


Ақжар ауданының әкімі С.Ш. Тұралинов Талшық селосындағы семинарда Ұлт жоспары – 100 нақты қадам шеңберінде экономика, әлеуметтік салаларында ауданға жүктелген негізгі міндеттермен қысқаша таныстырып өтті.
5 институционалды реформалар бойынша көпшілік алдындағы баяндамаларын СҚО Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің өкілдері, аудандық сот төрағасының м.а., Ақжар ауданының ішкі саясат, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінің басшылары оқыды.
Кездесуді түйіндеген аудан әкімі аумақтың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі оң өзгерістерге, кәсіби деңгейдің артуына және «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» сынды мемлекеттік бағдарламаларының мақсаты ауыл тұрғындары арасында жоғары деңгейде түсіндірілгендігіне ерекше назар аударды және шағын өндірістер, шаруа қожалықтары, ет-сүт өндіру фермалары және өзге де бизнес пен әлеуметтік жобаларды ашуға ниет білдірген кәсіпкерлердің игі бастамаларына әрқашан да қолдау көрсетілетіндігін айтты.

0
0
448

Осы тақырып бойынша

Уәлиханов және Ақжар аудандарының тұрғындарына 100 нақты қадамның мақсаты баяндалды - Yvision.kz