Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Тыл ардагері - Иманалиева Асылхан

Иманалиева Асылхан - 1936 жылы 6 сәуір күні Жамбыл ауданы, Аққайнар ауылында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Бірінші Май ауылдық округіне Бекболат ауылы Жетісу көшесі №31 үйде тұрады. Тыл ардагері. 10 сынып бітірген соң, Суконный комнибатында жұмыс істеген. Сол жерде жұмыс істеп жүріп, қол жарақатын алып, саусақтарынан айырылған және ауыр жұмысқа жарамсыз болып қалған. 22 жасында тұрмысқа шығып, Бірінші Май совхозында жұмыс атқарған. Кейіннен Шарап зауытында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, сол жерден зейнеткерлікке шыққан.

Қазіргі таңда 5 құрсақ көтеріп, 2 баласы көз жұмған. 14 немересі, 21 шөбересі бар ақжаулықты әже.

#ардагерлердіардақтайық

#ардагерлердіардақтайыққарасайауданы

#жеңісесімдері

0
0
211

Осы тақырып бойынша

Тыл ардагері - Иманалиева Асылхан - Yvision.kz