Туыстарға не жетсін, аман болсын...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Zade - `Musician of the Night`
Бейнематериал авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Туыстарға не жетсін, аман болсын,
Қуанышпен қайғыға, ортақ болған.
Туысқансыз, бос орта, тұрмас түкке,
Ұқсаймыз-ау оларсыз, солған гүлге.
Олар аман болмаса, білем анық,
Болмайды ғой күндерім, менің жарық.
Ауыр сөздер жатсада, кейде айтып,
Күнің туса келеді, артып-тартып.
Туысы бар адамдар, біршілікте,
Сақталса екен өсиеті, бабалардың.
Қол үзбейік сыйласып, тіршілікте,
Ақ батасын, сіңіріп ата-ананың.
Туысқанмен сыйласқан, жолда қалмас,
Туысқанды сыйлаған, еш кем болмас.
Туысқанмен болады, өмір тектес,
Ал байлықта, қалғаны, бәрі елес.
