Туризмді дамыту талқыланды
Арал аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшесі Ділмағамбетов Нұржау ауданымыздағы туризмді дамыту мәселелері бойынша ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды.
- Бүгінгі таңда экотуризм мәселесі әлемдік деңгейде айрықша маңызға ие болып отыр. Республика аумақтарындағы табиғаты әсем елді мекендерді туристерге көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек.Тарихы терең Арал ауданының Қамбаш көлін туристер келетін мекенге айналдыру бастамасы өте құптарлық іс - деді, өз сөзінде Н.Ділмағамбетов
