Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туберкулездың профилактикасы.

 

Туберкулез ауруы – жұқпалы аурулардың ішіндегі ең қаупты ауру. Бұл аурумен тұрмыс жағдайлары төмен адамдар ауырады. ВОЗ-дың берілген мәлімдемесі бойынша туберкулезбен ауырған адамдардын көбі жұмыс істейтін жастағы адамдар, және бұл адамдар жан ұяларының табыс әкелетін адамдары. Туберкулезбен ауырып қалатын қауп өте ұлкен, дені сау адамдар бұл мәселеге нем қурайлы қарамау керек. Дұрыс тамақтанбау, ауыр жұмыс, оқыс жағдайлар, дене салқындауы және жағымсыз әдеттер  туберкулезбен ауырып қалу қаупын тудырады. Адамдар көп жиналатын, дұрыс желденбейтін жерлерде жұқтырып алу қауыпы жоғарлайды.

Бүгінгі кунде 50% туберкулез науқастары кеш анықталады, ал 10% асқынған түрлерге жатады. Емделмеген жағдайда 1 науқас орта есеппен жылына 10-12 сау адамдарға жұқ  тырады. Қазырғы әлеуметтік- нарық жағдайда туберкулезбен ауратын науқастарға әлеуметтік көмек мүгедектік белгілері бар науқастарға ғана беріледі.

Туберкулез ауруларының дурыс емделіп шығуына дәрілерді ұзақ және кұнделікті ішіп жұрү қажет. Науқастың өзі емделіп шығуға тырысуы керек. Нем құрайлы қарайтын ауруларда емнің ереже бұзуы, қайталанып ауратыны және туберкулез дәрілеріне тұрақтылық пайда болады. Науқастар дәрілерді ұнемі қабылдамағанда, немесе аз мөлшерде қысқа уақыт бойынша қабылдағанда бактериялар дәріден өлмейді, оларға ұйренеді. Дәрілерге ұйренген бактериялар тұрақты немесе резистентті тұріне айналады. Сондықтан туберкулезге қарсы емді толық және медициналық қызметкердің қарамағында ішу қажет.

Әртұрлі халық емдер: қымыз, шұбат, прополис, иттің және борсықтың майы туберкулез таяқшаларына әсер етпейді.

Туберкулез ауруынан әсіресе балалар қорғанбаған, оларды туберкулез ошақтарынан әдейі санаторлық және профилактикалық ұйлерге ауыстыру қажет.

Аурудың алғашқы белгілері:

  • жөтел 3 аптадан артық

  • түнгі терлеу

  • дене қызуы

  • әлсіздік

  • тәбеттін төмендеуі.

Осы белгілерді байқаған сәтте дәрігерге қаралу қажет. Уақытында анықталған және дұрыс ем қабылдаған кезде туберкулезды женуге болады. Кейбір адамдарда толық ем қабылдағаннан кейін туберкулез қайталануы мүмкін. Ол жағымсыз себептерде пайда болады.

Мысалы:

  • ішімдікке салыну

  • нашақорлық

  • дұрыс тамақтанбау

  • ауыр жұмыс

  • қант диабеті

  • ВИЧ

Науқастардың туберкулез таяқшалары тоқтағанға дейін, олар сау адамдармен, әсіресе балалармен, қарым-қатынаста болмау керек. Науқас жақсы желденетін, бөлек бөлмеде тұру керек, жеке ыдыс- аяғы, гигиеналық заттары болу керек. Емделмеген тұрде науқастың жағдайы төмендеп, ол туған туыстарына, жұрген ортасына жұқтыру қаупың туғызады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандағы бизнеске АИВ/ЖИТС, туберкулëздің әсері – бәсекеге қабілеттілікті арттыру және сырқаттану көрсеткіштерін азайту мақсатында туберкулëз, АИВ, ЖИТС дерттерін емдеу, алдын-алу шаралары бойынша бизнес-құрылымдарымен тұрғындарды хабардар етуді арттыру» жобасы аясында дайындалды.


 
0
0
896

Осы тақырып бойынша

Туберкулездың профилактикасы. - Yvision.kz