Туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдері ...
Туберкулезбен ауыратын науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімдері және медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу үшін негіздер
Туберкулезбен ауыратын адамдар жалпы бейіндегі медициналық ұйымға жүгінген кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 желтоқсандағы № ҚР ДСМ -198/2020 бұйрығымен регламенттелген.
Туберкулез, психикалық, тері-венерологиялық, онкологиялық аурулар және адамның иммун тапшылығы вирусын/жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын жұқтырған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын тиісті мамандандырылған медициналық ұйымдардың (бөлімшелердің, кабинеттердің) медицина қызметкерлері береді. Осы аурулармен ауыратын адамдар жалпы бейінді медициналық ұйымдарға жүгінген кезде медицина қызметкері кейіннен адамдарды мамандандырылған медициналық ұйымға (бөлімшеге), ал олар болмаған кезде бейінді маманға жібере отырып, күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімге еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын береді.
Адамдарды емдеудің ажырамас компоненті ретінде медициналық оңалту жүргізу үшін санаторий-курорттық ұйымға ауыстырған кезде еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын ұзартуды адам бекітілген медициналық ұйым жүргізеді.
Стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарларды, оңалту орталықтарын қоса алғанда) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын медицина қызметкері стационарлық емдеудің барлық кезеңіне адамдарды шығарған күні береді.
Егер стационардан шыққан кезде адамдардың еңбекке қабілеттілігі толық қалпына келтірілсе, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы шығарылған күнімен жабылады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын одан әрі ұзартуды және жабуды ДКК қорытындысынан кейін оны одан әрі бақылауды жүзеге асыратын медицина қызметкері немесе науқас одан әрі емдеу үшін жіберілген медициналық ұйым тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.
Егер ДКК қорытындысы бойынша мүгедектікті белгілеу мақсатында адамды МӘС-ке жіберу үшін негіздер болмаса, бірақ адамдардың еңбек жағдайлары клиникалық ағымын және аурудың болжамын нашарлатса, ДКК-нің екі айдан алты айға дейінгі мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыру туралы қорытындысы беріледі. Мерзімді ДКК кәсіпке (мамандыққа), аурудың ағымының ауырлығына және асқынуына байланысты белгілейді.
Бактерия бөлмейтін туберкулезбен ауыратын және еңбекке қабілеттілігі қалпына келген кезде қақырық жағындысының тұрақты конверсиясына жеткен науқастарға ОДКК шешімі бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы жабылуы мүмкін.
Еңбекке уақытша жарамсыздық кезінде адамның жұмыс (оқу) орны емдеу курсы аяқталғаннан кейін біліктілігі мен жалақысын жоғалтпай сақталады.
Алғаш рет анықталған туберкулез процесі, сондай-ақ рецидиві бар адам уақытша еңбекке жарамсыз болып саналады:
туберкулездің сезімтал түрімен 10 ай бойы;
12 ай бойы көптеген дәрілерге төзімділікпен;
15 ай бойы кең дәрілік тұрақтылықпен.
Туберкулезбен ауыратын адамдар емдеуден оң нәтиже болмаған кезде (өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарда бактерия бөлінуінің сақталуы және өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқастарда организм функциялары тұрақты бұзылған кезде) МӘС-ке жіберіледі.
Мүгедектікті белгілеу тәртібі 03.03.2021 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларымен регламенттелген.
Мүгедек деп танылған адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе анықтамасы мүгедектік тобы белгіленген күнмен жабылады.
***
При обращении лиц с туберкулезом в медицинскую организацию общего профиля выдача листа или справки о временной нетрудоспособности регламентированы Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18.11.2020 года № ҚР ДСМ -198/2020 «Об утверждении правил проведения экспертизы временной нетрудоспособности, а также выдачи листа или справки о временной нетрудоспособности»
При установленных туберкулезных, психических, кожно-венерических, онкологических заболеваниях и инфицированных вирусом иммунодефицита человека/синдромом приобретенного иммунодефицита лист или справка о временной нетрудоспособности выдается медицинскими работниками соответствующих специализированных медицинских организаций (отделений, кабинетов). При обращении лиц с этими заболеваниями в медицинские организации общего профиля медицинский работник выдает лист или справку о временной нетрудоспособности на срок не более трех календарных дней с последующим направлением лиц в специализированную медицинскую организацию (отделение), а при отсутствии таковых к профильному специалисту.
При переводе лиц в санаторно-курортную организацию для проведения медицинской реабилитации, как неотъемлемого компонента лечения, продление листа или справки о временной нетрудоспособности проводится медицинской организацией, к которой прикреплено лицо.
При стационарном лечении (включая дневные стационары, реабилитационные центры) лист или справка о временной нетрудоспособности выдается на весь период стационарного лечения медицинским работником в день выписки лиц.
Если к моменту выписки из стационара трудоспособность лиц полностью восстановлена, лист или справка о временной нетрудоспособности закрывается датой выписки.
Дальнейшее продление и закрытие листа или справки о временной нетрудоспособности производится лицу по месту жительства медицинским работником, осуществляющим дальнейшее наблюдение за ним после заключения ВКК, или медицинской организацией, в которую был направлен больной для дальнейшего лечения.
Если по заключению ВКК отсутствуют основания для направления лица на МСЭ с целью установления инвалидности, но условия труда лиц ухудшают клиническое течение и прогноз заболевания, выдается заключение ВКК о временном переводе на более легкую работу сроком от двух до шести месяцев. Срок устанавливается ВКК в зависимости от профессии (специальности), тяжести течения и осложнений заболевания.
Больным туберкулезом без бактериовыделения и достигшим стойкой конверсии мазка мокроты при восстановлении трудоспособности, по решению ЦВКК лист или справка о временной нетрудоспособности могут быть закрыты.
При временной нетрудоспособности за лицом сохраняется его место работы (учебы) после окончания курса лечения без потери квалификации и заработной платы.
Лицо с впервые выявленным туберкулезным процессом, а также с рецидивом, считается временно нетрудоспособным:
с чувствительной формой туберкулеза в течение 10 месяцев;
с множественной лекарственной устойчивостью в течение 12 месяцев;
с широкой лекарственной устойчивостью в течение 15 месяцев.
Лица, больные туберкулезом, при отсутствии положительного эффекта от лечения (сохранение бактериовыделения у больных с легочным туберкулезом и при стойких нарушениях функций организма у больных с внелегочным туберкулезом) направляются на МСЭ.
Порядок установления инвалидности регламентирован Правилами проведения медико-социальной экспертизы, утвержденные Приказом Министра здравоохранения и социального развития РК № 44 от 30 января 2015 года с изменениями и дополнениями от 03.03.2021 года.
Лицу, признанному инвалидом, лист или справка о временной нетрудоспособности закрывается датой установления группы инвалидности.
