Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған жеріме

Әсем, сұлу жерім бар дархан неткен,

Сан мыңдаған даналар кесіп өткен.

Болашақ ұрпағының қамы үшін

Тыным таппай, ұйқысыз түндер кешкен.

Бұлтсыз аспан, еркін көңілменен,

Бақыт құшқан ғұмырды кешсін деген.

Қиын-қыстау күндерде еңсе түспей,

Халқы үшін жандарын қия білген.

Мәңгілікке тек Хаққа сенген,

Нәпсілерін берік қып тыя жүрген.

Бес уақыт намазын қаза етпей,

Құлшылығын өмірге жия жүрген.

«Болашағым-ұрпағым» деп үміт күткен,

Бізге арнап қаншама күйлер кешкен.

Соңғы демі атқанша еңбек етіп,

Сансыз баба біз үшін терін төккен.

Қанша заман өтеді, қанша көктем,

Қанша жандар кетті ғой базын кешкен.

Келді міне армандаған аспан, көктем,

Алайда, енді оларға қадір кеткен.

Тату кеткен арадағы туысқанмен,

Ал кезінде шықса да бір бесіктен.

Санамен емес, жарысуда байлықпенен

Күнге қарай бой тіккен дәл бір емен.

Аманат боп зор байлық бізге жеткен,

Сенім менен көңілге үміт еккен.

Осынау жерге, елге ие болып

Тапсырған болашағың біз бе екен...

0
0
208

Осы тақырып бойынша

Туған жеріме - Yvision.kz