Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған жерім - кіндік тамған, қоныс тепкен мекенім.

Туған жерім - кіндік тамған, қоныс тепкен мекенім,

Қызғалдақтай сенде өсіп, жарып шықтым, гүлдедім,

Асыр салып, асық атып, топырағыңда көп аунау –

Көз тартарлық табиғатта сұлулықты көргенім.

Туғанымда бет-әлпетім шуағыңнан нәр алған,

Содан бері бесігіңде жаңа өмір басталған.

Қарт таулар мен өр шыңдардың баурайларын құшақтап,

Күн көзінің әсерінен денем түгел жаралған.

Туған жердің аңқыған иісі, сайын даласы, қара топырағы, тобылғысы, жусаны мен жотасы, кыраты мен жазығы бәрі сол жерден алыстап кеткен кезде сезілетіңі заңдылық шығар?! Бәлкім адам баласына саяхаттау тән болғандықтан, туған жерімізде көп уақыт өткізе алмаймыз. Күнделікті күйбең тірлішілік, оқу, жұмыс, ірі мегаполистер бізді арман-мақсаттарға жеттектеп кетеді. Алайда, қашан болсан да туған өлкене келген сәтте уақыт тоқтайды. Жанталасқандық доғарылып, тіршілік нәрі көз алдымызда тұрады. Торғайы, шымшығы, қарлығашы, бұл-бұлы бәрі айналамызда сынсып жүргенін көреміз. Ал, тау етегінде орналасқан шағын ауылдың пештері мен бауырсақ шайқалған майдың иісі күллі дала қыратын жайлап кеткен. Алаңсыздық, тыныштық, гармония және жан рахаты. Міне, туған жердің бізге сыйлаған дәруіші осы. Туған жер адам баласының өмірдегі ең асыл бөлшегі, құтты мекені.

0
0
198

Осы тақырып бойынша

Туған жерім - кіндік тамған, қоныс тепкен мекенім. - Yvision.kz