Туған жерім - кіндік қаным тамған жерім, қоныс тепкен мекенім
Отан дейміз-от жаққан жерімізді,
Отан дейміз-өсірген елімізді.
Отан дейміз-өсірген елімізді.
Отаным менің кең байтақ Қазақстан!
Менің Қазақстаным-Еуразия жүрегіне сыйған,кең байтақ даласы мен елі бар қасиетті мекен. Кіндік қаным тамып,алғаш қаз-қаз қадам басқан жер.
Менің отаным-Қазақстан. Осы бір сөзді кімде-кім ерекше толғаныспен,мжүрегімен,мбар ниетімен айтатын секілді.Сөз мағынасы,терең ойына көз жүгіртсек, осы үш ауыз сөзге бар қасиет,мбар құдырет сыйып тұр. Еліміз Тәуелсіздікке күні кеше ғана аяқ басқандай,бірақ қазағымыз күннен –күнге өсіп,гүлденіп,жайнап келеді. Қанатын қағайын деген сарауыз балапандай жаңа қанат көтеріп, аспанға самғаған болашақ қыран-еліміздің даму барысын осылай сипаттауға болады. Сол қазақ жерінің інжу-маржандарының бірі - киелі Қорғалжын мекені. Табиғаты әсем, арайлы таңы алтын өлкем Қорғалжыным, туып-өскен құтты жеріміз. Бесігімен тербетіп, Сарыарқа самалы маңдайымыздан сипаған қасиетті қоңыс. Осыны жас ұрпақтың жадына ұқтырып, парасатын молайту зерделі қоғамның міндеті деп білген жөн. Осындай туған жер тақырыбын ескере отыра Қорғалжын ауданының Орталық кітапхасы мен ауылдық округтердің кітапханалары арасында онлайн форматта дөңгелек үстел өткізілді. Бұл жиынға аудан өңірлерінің зиялы қауымы, кітапханалардың тұрақты оқырмандары, жастар мен студенттер қатысты. Өзара пікірлер айтылып, өлеңдер оқылды. Тәрбиелік танымы мол іс шара болды.
