“Туған жер” тарихын зерделеу
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында сананы жаңғырту, ұлттық болмысты жүзеге асыру мақсатында білім мен ғылымға, тәрбие саласына үлкен мән беріп отыр. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады» дегендей әрбір жеке тұлғаны білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген, жаһандық өзгерістерге бейімделген, туған өлкенің тарихын зерттеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
Осыған орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектептерде жаңартылған оқу бағдарламасы аясында 25.10.2017ж . 5,7 сыныптар үшін 6,8 сыныптар үшін 2018ж 1 қыркүйектен бастап оқытыла бастады.
Курстың мақсаты: туған өлкенің қалыптасуы мен дамуын кешенді сипаттайтын географиялық, тарихи мәдени білім қалыптастыру, туған елге деген сүйіспеншілік сезімге қоршаған табиғи ортаны аялауға тәрбиелеу болып табылады.
Міндеттері: Ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру. 5 сыныпта Өлкетану пәнінде туған өлкенің аңыз әңгімелері , біздің айналамыздағы тарихи ескерткіштер. Өңірдің тарихи тұлғалары билер, батырлар, палуандар.
Жәдігерлер сыр шертеді өлкетану мұражайына бару болатын биылғы уақытта еліміздегі індет ауруына байланысты біз мұражайды аралай алмай қалдық. Өзіміз тұрып жатқан Қарақыстақ ауылында Сүйінбай ата мұражайын ішіндегі көптеген жәдігерлер туралы интернет желісінен тауып онлайн түрде сабақ өту арқылы таныстырып, сол кісі туралы көптеген мәліметтерді ортаға салып отырмыз.
6 сыныпта Топонимдер – өткен заманның куәгерлері өлке тарих атаулары бұл тақырыпта оқушылар жергілікті жер, қала, өзендер, көлдер, таулар, атаулар нені білдіретінін білді.
“ Бір ел-бір тағдыр” менің өлкемнің халықтары деген тақырыпта оқушы туған өлке халқының қалыптасу тарихын білу, туған жеріндегі ұлттардың салт дәстүрін құрметтеу болып табылады.
7 сыныпта Өлкетану пәнінде ҚР Тұңғыш президентіміздің Н Ә Назарбаевтың “Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласының басым бағыттары туралы айтылған. Ауылдан шыққан тарихи тұлғалар билер, батырлардың өмірі мен ерлігі. Мектептің тарихы, ауылдағы ескерткіштермен мектептің даңқ залында Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыл тіршілігі туралы әңгімелеу, соғысқа қатысқан батырларымыз туралы ерлігін бағалау. «Тарихи өлкетану», «Әдеби өлкетану» курстары өткен ұрпақтың тарихи және мәдени мұрасын сақтау мен толықтыруды ұғындыру, туған өлкедегі тарихи ескерткіштердің пайда болуы мен құндылығын түсіндіру, туған халқының тілі мен әдебиетіне деген танымдық қызығушылығын арттыру болып табылады.
Қазіргі еліміздегі ушығып отырған пандемияға болып тұрған уақытта сабақтардың барлығы қашықтықтан оқыту болып отыр . Сол себепті барлық тапсырмаларды оқушыларға зуммен онлайн түрде айтылыып жатыр. Мектеп оқушылары таңдау курсынан аңыз-ертегілердің мән-мағынасын түсіну және оларды талдауды, жер, қалалар, өзен, көлдер мен таулардың атауларының шығу тарихын, археологиялық ескерткіштерін, туған өлкенің флорасы мен фаунасын және өлкенің халықаралық дәрежедегі ескерткіштерін, туған жері үшін кеше және бүгін қызмет еткен еңбек ерлерінің ерен еңбектерін, өлкенің ұлттық қолөнерін танып біледі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жастарға ерекше тоқталған. Қоғамдық сананы жаңғыртуды ең алдымен жастардан бастау керек дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Өйткені, өскелең ұрпақ қай бағытқа қарай жүрсе, мемлекеттің де болашағы солай қарай дамитын болады. Сонымен қатар, аталған мақаладағы басым бағыттардың бірі – «Туған жер» бағдарламасы аясында да жастардың белсенділігін көтеру қарастырылған. Яғни, дарынды ұрпақтың білімін ауыл-аймақты көркейтуге, ауыл халқының әлеуетін арттыруға жұмсайтын боламыз. Отанға деген сүйіспеншілік туған елге, қалаға, ауданға деген жылы сезім өздігінен тумайды. Ол тәрбие арқылы қалыптасады. Туған өлке туралы мазмұнды сыр шерте білу- біз сияқты ұрпақтың Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сезім баспалдағының бірі. Өйткені еліміздің тарихы бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
