Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған жер челленджі

«О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш – ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай,

Балапандай талпынып ұшамын мен», - деп Фариза Оңғарсынова жырына қосқандай, туған жер – әр адам үшін қасиетті де қадірлі ұғым. Туған жер - aта-бабалaрымыз aқ нaйзaның ұшымeн, aқ бiлектің күшiмен қaнын төгiп жүрiп қорғaған қaсиетті жеріміз.

Туған жер адам баласының кіндік қаны тамған, жанына, жүрегіне жақын қимас сезімге бөлейтін

алтын ұясы.Адам есейе келе туған ауылына деген сағынышы арта түсетіндей болып көрінеді.

Қанша жерден биікке шықсаң да туған жеріңді,еліңді ұмытпау қажет.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз» деген еді. Расыменде, аты аңызға айналған даналардың,тұғыры биік тұлғалардың барлығы дерлік осы ауыл дейтін ұлы даладан шығады емес пе?

Әрбір адамның жүрегінің түкпірінде ауылға деген ыстық ықылас пен жалынды сағыныш жатқан шығар...Бар қазақтың тамыры ауылда.Халқымыздың сүйегі де,жүрегі де-ауыл.

Бүгін мен «құтты мекенге»айналған С.Меңдешев ауылдық округінде орналасқан Қырқопа ауылы жайлы сөз қозғамақпын.Әлқиса,Қырқопа-ауылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл 1999 жылға дейін «Кармановка»аталып келген ауыл атауына 2000-жылдары қоғам қайраткері Сейітқали Меңдешевтің есімі берілді.Қырқопа ауылы аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында орналасқан.Ауыл тарихына үңілсек,1984-1997 жылдары қой өсірумен айналысатын С.Меңдешев атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қырқопада және округтегі Балғын және Карташово ауылдарында 21 шаруа қожалығы жұмыс істеді.Әр жыл сайын Карманов ЖОББМ-балабақшасының түлектері туған жерге меценаттық танытып,арнайы ауылға деген сый-сияпаттарын тартып жатады Атап айтсам, Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде 2007 жылғы түлектер орталық арбат бойына «I LOVE QYRQOPA»жазуы бар ескерткіш орнатса,2008 жылғы түлектер ардагерлер саябағын жаңартты.

📷

2Вы и Нұрайзат Мараттегі

0
0
177

Осы тақырып бойынша

Туған жер челленджі - Yvision.kz