Туған жер челленджі
Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Әлемде Қазақтың даласындай тарихи бай өлке табу қиын. Киелі Әулиеата жерінің өзінде де өткен тарихтан сыр шертетін қаншама мән, сыр жатыр. Ұлы жібек жолы бойында орналасқан Тараз шаһаранда қаншама еларалық ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасалып, мемлекеттік маңызы зор оқиғалар орын алды. Ал, елін, жерін сүйетін, Отанды қастерлейтін азаматтарды тәрбиелеуде осынау өткен тарихтың алар орны ерекше. Елбасы да өзінің бағдарламалық мақаласында тарихымыздың әрбір сәтін жастарға тереңірек таныту арқылы ұлттық құндылығымызды ұлықтап, рухани тұрғыда бай жастарды тәрбиелеуге ерекше ден қойды.
