Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Туған елге тағзым Рефлексия 1-күн

2-күн

Бүгін біздің Атырауда екінші күніміз. Таңертен бізге дәмді таңғы ас берңп салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Мен әр сәтте Атырау қаласының адамдарың қонақ жайлығына көзім жеткізді. Содан кейін біз көне қала Сарайшыққа бардық, ол жердің атмосферасы бөлек, менің ойымша, себебі ол жердің тарихы терең. Ол жерде мен көп мәлімет білдім және ақсақалдан бата алдым. Менің ойымша, өз елінің, халқының тарихың білу маңызды, себебі тарих ол өткен нәрсе, ал өткенсіз қазіргі және болашақ бола алмайды. Сөзді жалғастырсақ, кешке таман біз Жеңіс саябағына бардық, ол жерде өте қызықты болды. Тарихшы адам бізде көп мәлімет берді, ол мәліметтер бізге болашақта көмектеседі деп ойлаймын, себебі менің ойымша Ұлы Отан соғысы таризымызда ерекше орын алады және сол соғысқа менің атам қатысты. Түстен кейін біз Халел Досмұхамедов атындағы Атырау қаласының университетіне барып келдік. Ол жерде бізге химия, биотехнология, робототехника туралы айтты , мен үшін ол өте қызықты болды, себебі мен химия және биология пәндерің жақсы көремін. Мысалы, агар және мұнай туралы ақпараттар. Ең қызықтысы ол алашорда туралы ғалыммен кездесу болды, себебі, Қазақстан тарихы пәнінен мен алашорда туралы зерттеу жұмысың жасадым, ал ол туралы дереккөздері аз болды, ал ғалым бізге басқа Алаш қайраткерлері  туралы ақпараттар айтты. Мысалы, халелтану туралы және өз жазған еңбектер туралы мәліметтер берді. Менің ойымша, осы кездесуге көбірек уақыт бөлуі керек еді. Бүгін мен зерттеу және коммуникация дағдыларың дамыттым, себебі бүгін біз ғалымдарды тындап өзімізге керек ақпаратты алдық және басқа адамдармен тілдестік.


0
0
549

Осы тақырып бойынша

Туған елге тағзым Рефлексия 1-күн - Yvision.kz